Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның индустриалдық әлеуетін дамытуға China Nonferrous Metal Mining тобының атсалысуын жоғары бағалады, деп хабарлайды «24KZ».
Компания халықаралық тау-кен және металл өндірісінде мол тәжірибе жинақтаған. Президент Ақтоғай кен орнында мыс балқыту зауыты салына бастағанын ерекше маңызды оқиға деп атады. Бұл жоба Абай облысының экономикасын және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін өркендетуге тың серпін береді. СNMC басшысы Вэнь Ган ауқымды жобаны жүзеге асыруға сенім артқаны, сондай-ақ салтанатты рәсімге қатысқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Оның айтуынша, жобаны іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жергілікті маман даярлау және тәжірибе алмасу салаларында ынтымақтастықты кеңейтеді.