Қазақстан онлайн саудадан түсетін кіріс көлемі жөнінен 35-орында тұр

Қазақстан онлайн саудадан түсетін кіріс көлемі бойынша 127 елдің ішінде 35-орында тұр.

Былтыр көрсеткіш 8,7 млрд долларға жеткен. Қазір Қазақстан Орталық Азияда көш бастап, ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі орында тұр. Елде жан басына шаққандағы онлайн сауда көлемі жылына шамамен 418 долларды құрайды. Бұл Үндістандағы көрсеткіштен 4,4 есе жоғары. Ал елдегі бөлшек сауданың 10-15 пайызы интернет арқылы жүзеге асады. Мұнда маркетплейстердің үлесі басым. Ресми статистикаға сәйкес, өткен жылы интернет арқылы сатылған қызметтердің жалпы құны 2,48 триллион теңгеге жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз: