Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.
Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де «24KZ» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.