Иордан Королі Қазақстанға ресми сапармен келді
Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды. Салтанатты рәсім аясында ұшу-қону алаңында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.