Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты. Саммитке Қазақстан Президентімен бірге Ресей, Беларусь, Қырғыз,Тәжікстан Президенттері мен Бас хатшы Таалатбек Масадыков қатысты.
Мемлекет басшылары ықпалдастықтың негізгі аспектілерін қарастырып, Ұйымның 2026 жылы атқарған қызметінің нәтижесіне баға берді. Алдағы кезеңге арналған жұмыстың басты бағыттарын айқындады. Сондай-ақ президенттер халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдіріп, Ресей тарапының биыл ұйымға нәтижелі төрағалық еткенін атап өтті. Президент халықаралық терроризммен күрес, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағыттары бойынша күш-жігер жұмылдыру қажет екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық ететін Тәжікстанның көшбасшысы Эмомали Рахмонды құттықтап, жауапты миссияны атқаруда сәттілік тіледі. Жиын қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Сонымен қатар ұйымға мүше мемлекеттердің ортақ мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылды.