Елдің барлық аймақтарында күн райы бұзылады

Бүгін Астанада күн түнеріп тұр. Көктайғақ. «Қазгидрометтің» хабарлауынша бүгін елдің барлық аймақтарында күн райы бұзылады. 17 өңірде тұман түседі, жел күшейеді, сосын көктайғақ болады.

Алматы облысында желдің жылдамдығы – 20, Жамбыл өңірінде тіпті секундына 28 метрге дейін жетеді. Қарағанды, Ақмола,Ұлытау облыстарында жауын, көктайғақ. Түркістанда да жауын жауады. Солтүстік пен батыста тұман түседі. 

Сондай-ақ оқыңыз: