Президент ҰҚК төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдап, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды 24KZ.

Марат Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығымен өткен жиыннан кейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. Ол ұлттық қауіпсіздік органдарын реформалау және олардың жұмысын тиімді ету үшін қандай шаралар қолға алынатынын айтты. Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыз: