Президент «Халықтық құрылыс» бойынша комиссияның құрамын бекітті
Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша қаржының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлайды «24KZ».
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы Жарлыққа қол қойды. Комиссия инфрақұрылымдық жобалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қадағалайды. Сондай-ақ қазына қаражатының тиімді жұмсалуын бақылап, мемлекеттік сатып алулардың заңдылығы мен мерзімін қадағалайды. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, журналистер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата белгіленді.