Президент Мәскеудегі AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Мәскеудегі AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Президент бастаған ауқымды делегация құрамында цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізіп жатқан бірқатар бизнес басшылары бар. Оған Қазақстандық нарықты сәтімен игерген Ресейдің технологиялық компанияларының өкілдері де кірген. Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүздескен Владимир Путин конференцияда ұсынылатын тың технологиялар мен сала мамандарының ой-пікір қызық боларына сенім білдірді. Жалпы екі ел арасындағы алыс-беріс жарты жылда 16 млрд АҚШ долларына жеткен. Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 6,5 пайызға өскен. Ендігі меже 30 млрд долларға жеткізу. Кремльдегі кездесуде мемлекет басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастық пен ау-жайын талқылады. Ресей Президентінің мамырда Қазақстанға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар пысықталды. Бүгінде үкіметаралық комиссия 124 бірлескен жобаны  жүзеге асырды. Тағы 54 жоба бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Қасым-Жомарт Тоқаев өзара қарым-қатынастың қарқыны жоғары екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз: