Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Гиза қаласы маңында болған көлік апаты салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Мысыр Президенті Абдель Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

 Мемлекет басшысы қайтыс болғандардың туған-туыстарының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, бауырлас Мысыр халқына қолдауын білдірді. Айта кетейік, Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам ажал құшқан болатын. Тағы 21-і зардап шеккен. Бұдан бөлек жиырмадан астам жеңіл көлік пен мотоцикл жанып кеткен. Қайғылы оқиға ел астанасы Каирді айналып өтетін Гиза қаласының Әл-Варрак ауданында болған.

Сондай-ақ оқыңыз: