384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы қызметкерлері қамауға алынды

  • 712
  • UPD: 17:49, 16.01.2017

12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Қылмыстық кодексі 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген («Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету») қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б.Майлыбаев және Н.Галихин ұсталған болатын.

14 қаңтарда Астана қаласы Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК тергеу изоляторына қамауға алынды.

Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, оның барысы және нәтижелері жөнінде қосымша хабарланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы