380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Аднан Әминмен кездесті

  • 763
  • UPD: 18:45, 16.01.2017
Н.Назарбаев Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Аднан Әминмен кездесті

Әңгіме барысында ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы IRENA агенттігінің көптеген елдердің жаңартылатын энергетика саласындағы күшін жұмылдырушы ретіндегі рөлін атап өтті.

Тараптар серіктестік қарым-қатынастардың табысты дами беретініне сенім білдірді.

Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік 2009 жылы қаңтарда құрылды. Қазіргі уақытта оның жарғысына барлық континенттің 140-тан астам елі қол қойған.

 

Хабар 24 телеарнасы