384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолинді қабылдады

  • 687
  • UPD: 15:23, 20.01.2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолинді қабылдады. Ол Кеңестің 2016 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндап, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында судьяларды іріктеудің тетіктері жөнінде мәлімдеді. Елбасы жаңа ережелер мен заңдарға сәйкес сапалы кадрларды саралауда Жоғарғы Сот Кеңесінің маңызды рөл атқаратынын айтты. Сондай-ақ сот қызметіне басқа органдардың араласуына жол бермеу керек, - деді Президент.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесіндегі кадрлық жұмыстарды одан әрі жетілдіруді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы впервые создали автономный Высший Судебный совет, чтобы была полная объективность и невмешательство. Сейчас мы ведем отбор судей согласно новым правилам, новым законам. Что бы непосредственно автономно решать вопросы, касающиеся качество судей, подбор их, конкурс согласно новым законам.

Анатолий Смолин, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы:

- Қаңтардың бірінен бастап біз жаңа форматта жұмыс жасап жатырмыз. Біздің жұмысымыз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауға бағытталған. Нақтырақ айтқанда, 17-қадам, яғни судьяларды іріктеу талаптары мен тәртібін күшейту. Жаңа реформалар бойныша судья қызметіне кәсіби және өмірлік тәжірибесі мол азаматтар тағайындалады. Қазір судьялардың орташа жасы 35-ті құрайды. Бұрын 28-29 жастағы азаматтар болатын еді.

Хабар 24 телеарнасы