381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана процесі: Келіссөздердің кезекті раунды 8 ақпанда Женевада жалғасады

  • 1402

Сирияда оқ атуды тоқтатып, араңдатушылықты болдыртпау туралы жүйені қадағалайтын үш жақты механизм құру керек. Екі күнге созылған Астана процесінің нәтижесінде Иран, Түркия, Ресей мемлекеттері осындай бірлескен мәлімдеме жасады. Оны еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов оқып берді. Мәлімдемеде аталмыш үш ел өкілдері Ирак және Левант террорлық тобы мен Ан-Нусра лаңкестік ұйымдарын қарулы оппозициядан бөлу керектігін айтқан.

Бұл ретте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 22/54 қарары бойынша шұғыл түрде келіссөздер жүргізу қажет деп санайды. Сондай-ақ Иран, Түркия, Ресей мемлекеттері Астана процесі Сирия үкіметі мүшелері және оппозициясымен тікелей келіссөздер жүргізетін үнқатысу алаңы екенін атап өтті. Мұндай жоғарғы деңгейдегі кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен халқымызға алғысын жеткізді.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Біз қаруланған оппозициялық топтардың келіссөздердің кезекті раундына қатысу туралы ниетін қолдаймыз. Бұл кездесу ағымдағы жылдың 8 ақпанында БҰҰ құзырымен Женевада өтеді. Біз барлық халықаралық қауымдастық өкілдерін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 22/54 қарарында келісілген шараларды іске асырып, саяси процестерді қолдауға шақырамыз. Сириядағы саяси процестерді қамтамасыз етіп, ғаламдық үрдістерге өз үлесімізді қосу үшін БҰҰ-мен бірлесе отырып, Астана платформасында белсенді түрде ынтымақтастық орнату туралы шешім қабылдадық.

Хабар 24 телеарнасы