Бес реформа белестері. Соттарға прокурордың қатысуын қысқарту

Pavon.kz

Ұлт жоспарының 26-қадамының орындалуы сот процестерін жеделдетті, сот ресімдерін оңайлатты. Ең бастысы прокурорлардың жұмысы жеңілдеді. Азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізіліп, олардың сот ісіне араласуы біршама азайды. Себебі сотта қаралып жатқан істе екі жақтың да құқығы бірдей. Олай болса бұған прокурор тарту қаншалықты қисынды. Ол араласқан жағдайда дауласушылардың біреуінің мүддесін қорғауы тиіс. Ал бұл дұрыс па? Ұлт жоспары осы мәселенің аражігін ажыратып берді.