386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында қар көшкінінен 7 сарбаз қаза тапты

  • 2466
  • UPD: 21:13, 17.02.2017

Жамбыл облысының Көксай шатқалында көшкен қар астында қалған 16 сарбаз құтқарылды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, жалпы 20-дан астам арнайы жасақ сарбазы қарға көміліп қалған. Қазір олардың жетеуінің мәйіті табылды. Естеріңізге сала кетсек, таяуда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көксай шатқалында кенеттен қар көшіп, 20-дан астам сарбазды қар басып қалғанын хабарлаған едік.

Айта кету керек, Көксай шатқалы Тараз қаласынан 110 шақырым жерде орналасқан.

Қазір Көксай шатқалындағы апатқа байланысты Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «шұғыл желіні» іске қосты. Бұл туралы ведомство сайтында жарияланған. Психологиялық және ақпараттық қолдау мақсатында тәулік бойы қызмет көрсететін телефонның нөмірі: 8 (7262) 51-41-67.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы