387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Санкт-Петербургтегі терактіге байланысты Ресей халқына көңіл айтты

  • 578
  • UPD: 23:20, 03.04.2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Президенті Санкт-Петербург қаласы метросындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

 

«Бұл оқиға қабырғамызды қайыстырды, Ресей Федерациясы халқының ауыр қайғысына ортақпыз», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Хабар 24 телеарнасы