381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Сыртқы істер министрлігі Сириядағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

  • 682

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Сирия Араб Республикасындағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасады. Онда ведомство Сириядағы ахуалдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіретінін айтқан.

Мәлімдемеде «Қазақстан – жаппай қырып-жоятын қарудың кез келген түріне қарсы. Мұндай әрекетті адамгершілікке қайшы жасалған қадам ретінде үзілді-кесілді айыптайды» делінген.

«Болған жағдайға байланысты БҰҰ деңгейінде халықаралық тергеу жүргізіліп, кінәлілер жазасыз қалмауы керек деп есептейміз. Жағдай одан әрі ушығатын болса және тараптар өз позициясын күшейтіп жіберсе, осы күнге дейін лаңкестікке қарсы күрес жолында әлемдік қауымдастықпен қол жеткізілген, соның ішінде Женева мен Астана процестерінде жасалған келісімдерге қауіп төнеді. Қазақстан сирияаралық қақтығысты тек бейбіт жолмен, диалог арқылы шешу мүмкін деген ұстанымына берік және барлық мүдделі тараптардың қатысуымен Астана процесі аясында Сирия үкіметі мен оппозициялық топтар арасындағы татулықты сақтау бойынша тікелей келіссөздерді жалғастыруға шақырады», - делінген ресми мәлімдемеде.

Хабар 24 телеарнасы