378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген «Мен әншімін» байқауында 2-орын алды

  • 1480
  • UPD: 00:00, 16.04.2017

Бүгін Хуанань телеарнасындағы «Мен әншімін» бағдарламасының ақтық кезеңі өтті. Тартысты байқаудың шешуші сәтінде 7 әнші бақ сынады. Ақтық сынға жеткен Димаш Құдайберген Қытайдың «Леди Гагасы» саналатын Шан Вэньцземен саxнаға шықты. Олар Майкл Джексонның әлемге танымал әндерін айтты. Earth Song және Dangerous xитін қосып, микс жасады. Димаш Құдайберген бұл байқауда 2-орын алды.

Сонымен көпшілік көз тіккен «Мен әншімін» байқауының жеңімпазы Гонконг қаласының тумасы Лил Илян атанды. Оған залдағы 500 көрерменнің 22,6 пайызы қолдап дауыс берген. Ал 2-орында біздің Димаш Құдайберген. Оған көрерменнің 18,47 пайызы дауыс берген. Үздік үштікті Lion тобы қорытындылады.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Chinese Top Ten Music Awards сыйлығының «Азияның ең танымал әншісі» номинациясында жеңіске жеткен еді. Бұл марапат Қытайдың «Грэмми» баламасы болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы