376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ Сирияның Алеппо қаласы маңында болған терактілерге қатысты мәлімдеме жасады

  • 760
  • UPD: 13:33, 18.04.2017
ҚР СІМ Сирияның Алеппо қаласы маңында болған терактілерге қатысты мәлімдеме жасады ru.sputniknews.kz

«Қазақстан 2017 жылғы 15 сәуірде сириялық Алеппо қаласы маңында орын алған террористік әрекетті қатаң түрде айыптайды. Бұл қылмыстан үкімет пен қарулы оппозиция арасындағы тиісті уағдаластықтың шеңберінде Әл-Фуа және Кефрая аудандарынан көшіліп жатқан 100-ден астам адам құрбан болды. Сирия халқына, қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз және жарақаттанғандардың тез сауығып кетуін тілейміз.

Бейкүнә азаматтардың, әсіресе балалардың өлімі жиіркендіреді және ерекше ызаны келтіреді. Бұл террористтердің адамгершіліктен ада екенінің көрінісі болып табылады. Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция (желі) құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады», - делінген мәлімдемеде.

Хабар 24 телеарнасы