384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК: Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

  • 860
  • UPD: 19:31, 29.05.2017

Оның қорытындысы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Осы жылдың 28 сәуірінен мамырдың 28-не дейін еліміз бойынша жоғары палата депутаттығына 89 кандидат ұсынылды. Үміткерлердің көбі, яғни 9 адам Астана қаласынан болып отыр. Науқан барысында өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған кандидаттар санының артқандығы байқалды.

Сонымен қатар әйелдердің белсенділігі де өсе түскен. Кандидаттардың ең жасы 30-да, ең үлкені 68-де. Олардың дені – инженер, экономист, заңгер және аграрлық саладағы мамандық иелері. Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу маусымның 7-не дейін жалғасады.

Қазіргі уақытта сайлау комиссиялары заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдарме бірлесе отырып, ұсынылған құжаттарды тексеріп жатыр. Айта кетейік, елімізде Сенат депутаттарының сайлауы маусымның 28-і күні өтеді.

Хабар 24 телеарнасы