389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев ШЫҰ саммитінде сөз сөйледі

  • 702
  • UPD: 16:22, 09.06.2017

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер бірлескен жобаларды көптеп жүзеге асыруы тиіс. Бүгін құрылымның мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитті өтіп жатыр. Бірлестікке мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Елордада ұйымдастырылуы тегін емес. Себебі былтыр төрағалық міндет Қазақстанға тапсырылған болатын. Оның үстіне биылғы басқосу бұрынғыдан өзгерек. Үндістан мен Пәкістан қатарға қосылғалы отыр.  Бұл елдердің мүшелікке өтуі Шанхай ынтымақтастық ұйымының рөлі мен маңызын арттыра түседі. Ұйымға мүше мемлекет басшыларының 17-кеңесінде жалпы алғанда 11 құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы