386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев: Егістіктердің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану қажет

  • 564
  • UPD: 12:49, 13.06.2017
Б.Сағынтаев: Егістіктердің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану қажет primeminister.kz

Б.Сағынтаев фитосанитарлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді. Отырыс барысында өңірлердегі көктемгі егіс жұмыстарының нәтижелері және АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған шаралардың орындалуы туралы отырыс барысында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының әкімдері А.Мұхамбетов, Қ.Ақсақалов, М.Мұрзалин, А.Баталов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемов, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер – шаруа қожалықтарының басшылары А.Касицин, М.Фазулов баяндады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын қолдау 3,3 есеге, минералды тыңайтқыштарды қолдану – 1,5 есеге ұлғайғанын хабарлады.

Жалпы АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасындағы белгіленген өндірісті әртараптандыру бойынша индикатор асыра орындалса, көктемгі егіс жұмыстары аясында жоспарланған индикаторлар толық орындалды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне тыңайтқыш өндірушілерге қолдау көрсетуді және минералды тыңайтқыштар өндірісі көлемін арттыру, оларды тұтынушыларға жеткізу мәселелерін пысықтауды тапсырды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу керек және өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау құралдарымен заманауи өңдеу шараларын қолдану қажет.

Аталған жұмысты жалпы үйлестіру ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовке жүктелді.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы