384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауының жеңімпаздарымен кездесті

  • 902
  • UPD: 05:07, 23.06.2017

Елбасы «Ең үздік мемлекеттік қызметкер» байқауының жеңімпаздарын құттықтады. Шара олардың кәсіби мерекелері қарсаңында ұйымдастырылды. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мүддені қорғай отырып, аянбай еңбек ету керектігін айрықша атап өтті. Мемлекеттік аппараттың жүйелі жұмысының арқасында тәуелсіз қуатты Қазақстанның негізі қаланғанын жеткізді.

Нәтижесінде еліміз  бүгінде әлемдік рейтингтерде алдыңғы қатардан көрініп жүр. «Экономикалық өсім сақталып, қоғамда бірлік пен тұрақтылық орнады», - деді Президент. Бұл ретте Мемлекет басшысы елде іске асып жатқан маңызды реформаларға назар аударды. Ал бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін мемлекеттік аппаратты жүйелі трансформациялау керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бәрің жан-жақтан келдіңдер. Кездескеніме қуаныштымын. Конкурстан өтіп, 300-дің ішінен жеңіп шықтыңдар. «Ең үздік мемлекеттік қызметші» деген атаққа ие болдыңдар. Дәл бүгін БҰҰ шешімі бойынша дүние жүзіндегі елдер мемлекеттік қызметші күнін атап өтіп жатыр. Сондықтан біз мемлекеттік қызметті жоғары деңгейге көтеру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бүгін әлемнің көптеген елінде мемлекеттік қызметшілерге салтанатты түрде құрмет көрсетіліп жатыр. Біз де сіздерді шақырып, сіздер арқылы бүкіл Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерін осы кәсіби мерекелерімен құттықтап отырмын. Биыл алғаш рет бұл кездесу жаңа форматта ұйымдастырылып отыр. Бірінші рет екі кезеңнен тұратын республикалық конкурстың қорытындысы шығарылды. Тәуелсіз сарапшылар кімнің үздік, кімнің үздік емес екенін анықтады. Сондықтан сіздер мемлекеттік қызметтің қыр-сырын меңгерген үздік мемлекеттік қызметші атағын иелендіңіздер. Осымен барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын.

Қазақстан мемлекеттік басқару саласына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттерінің қағидаттарын енгізіп жатыр. Осылай деген Президент мемлекеттік қызметшілердің ауыс-түйістерінің 18 есеге қысқарып, ал жұмыстан шығару көрсеткіші екі есеге азайғанын жеткізді. Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев елде іске асырылып жатқан реформалар мен қоғамдық сананы рухани жаңғырту жайында қатысушылардың пікірін сұрады. Сөз соңында мемлекеттік қызметкерлер өз жұмысында жоғарғы этикалық талаптарды ұстану керектігін тілге тиек етті.

Нұрсұлтан НазарбаевҚазақстан Республикасының Президенті:

- Все достижения, выполнение наших программ, везде участвуют государственные служащие. Обычно, стало, так сказать, удобным местом при первом случае критиковать государстенных служащих. Чиновники, чиновники. Не критикуют только тех, кто не ничего не делает. Сидя дома у телевизора с ручкой в руке можно критиковать кого угодно. Раз критикуют, считайте, что вы чего то стоите. Если человек ничего не стоит его никто не критикует. Зачем он нужен? Поэтому именно потому, что в ваших руках сила, в ваших руках власть и вы решаете что-то - вот там находят какие то недостатки. Я считаю, что государственный служащий Казахстана честно, добросовестно выполняет свои обязанности. Как в любом деле бывают недостатки, бывают и недостатки у отдельных чиновников, которые наказываются и это есть, но в основном мы выполняем свои задачи. Агентству надо очень строго следить, чтобы вопрос меритократии и вопрос принятия по заслугам должны быть основными вопросами. Наша встреча тоже является фактом и доказательством таких позитивных изменений во всей нашей работе, поэтому я еще раз вас поздравляю, рад встретиться, вы победители на самом деле. Вся страна вас сейчас видит, что вы приехали со всех концов.

Қайрат Қожамжаров, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің басшысы:

- Құрметті Елбасы, бүгінгі осы залда осы биылғы үздік мемлекеттік қызметшілер жиналып отыр. Бұл кісілер, өзіңіз айтқандай, екі кезеңнен өтті. Жергілікт атқару органдары мен мемлекеттік атқару органдары. Сонымен қатар құқықтық мемлекеттік органдардан барлығы қатысты. Соның арасынан бірінші кезеңде 307 адам шықты. Себеб ол жазылған, жасырын түрде. Кімнің кім екенін біз білген жоқпыз. Екінші кезеңге соның қырық бірі өтті. Қазір олардың өздері айтып берсе.

Назгүл Бажаева, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі басқарма басшысы:

- Аса құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы. Мен Бажаева Назгүл сіз еңбек жолын бастаған Теміртау қаласынан боламын. Ата-анам Arcelor Mittal Temirtau кәсіпорнында жұмыс істейді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Бостон қаласында ақпараттық технологиялар саласында магистратураны бітірідім. 

Нұрсұлтан НазарбаевҚазақстан Республикасының Президенті:

- Қазіргі мынау ақпараттандыруға көшіп жатқан кезде мамандығың өте қажет. Сұранысқа сай келіп тұр. Информациялық жүйе деп жатырмыз. Барлығына кедергі болып отырған бастықтар. Барлығы бәрібір қағазбен жұмыс істейді. Қазір қолға адамыз, барлығын істеткіземіз. Электронды үкімет электронды түрде хабар алу керек және электронды түрде жауап беруі керек. Нұргүл Ілескенқызы, сіз мынау латиницаға көшу жөнінен жұмыс комиссиясында екенсіз. Жергілікті жерлерде ел не деп жатыр?

Нұргүл Бертілеуова, Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасы бас маманы:

- Жалпы латын графикасына көшу жөнінен облысымызда жұмысшы тобы құрылды. Сол топтағы арнайы үйлестірушімін. Бұл топқа салмағы бар, облыста сөзді тыңдайтын тұлғалардан құрылған арнайы топ. Біз облыста әлеуметтік зерттеу жүргізген болатынбыз. Сол зерттеу қорытындысы бойынша облыс жұртшылығының 70 пайызы латын графикасына көшуді толық қолдап отыр. 

Нұрсұлтан НазарбаевҚазақстан Республикасының Президенті:

- Қазір барлық мектептерде латынның әрпі жүр ғой. Мы же с первого класса учим английскому языку. Все знают латинскую графику и мы включимся в мировую систему информации сразу. Это язык интернета, надо правильно выбрать алфавит. Если сейчас правильно выберем алфавит и постепенно начнем печатать один столбик в газетах на этом языке, постепенно люди будут читать, язык привыкнет и мы ничего не потеряем, мы приобретем.

Хабар 24 телеарнасы