386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабарлықтар» саламатты өмір салтын қолдайды

  • 951
  • UPD: 23:07, 08.07.2017

«Хабар» спорт үшін! Дәл осындай атаумен отандық БАҚ тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындары өтті. Оған «Хабар» Агенттігінің қызметкерлері белсене қатысты. Тілшілер арасындағы спорттық бәсекеге еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысып, сәттілік тіледі.

Телеотбасының ұжымы журналистер мерекесі мен Астана күніне арналған спартакиадада спорттың түр-түрінен жарысып, саламатты өмір салтының нағыз үлгісін көрсетті. Жеңіл атлетика, допты қашықтыққа лақтыру, дәлдеп ату, үстел теннисі, бампер-болдан сынға түскен арна қызметкерлері топ-топ болып жарысып, кәсіби спортшылардан кем түспейтіндіктерін дәлелдеді. Додаға спорт майталмандары қазылық етіп, жеңімпаздарды әділ анықтады. Мұндағы әр командаға «Хабардың» арнайы тілшілік қосыны бар елдердің аты берілді.  

Хабар 24 телеарнасы