385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл

  • 1602
  • UPD: 14:25, 13.07.2017

Бүгін еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл! Айтулы күнге орай Астанада салтанатты шара өтеді. Кірпік қақпай ел тыныштығын күзететін комитет қызметкерлерін Елбасының өзі құттықтайтын болады.

Күнделікті жұмысы жөнінде тіс жарып айтпайтын, осындай шараларда тынбай еңбек ететін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері – бүгінгі салтанаттың басты кейіпкерлері. Әрине, мұндай айтулы күнде көңіл-күйдің көтеріңкі болмауы мүмкін емес.

Шара қазір шамамен 1 сағаттан соң басталады. Елеулі қызметімен көзге түскендер Елбасының қолынан арнайы марапат алады. Әрине, бұл органның жұмысы құпия болғандықтан, онда істейтін қызметкерлердің ерең еңбегін біз біле бермейміз. Бірақ 25 жылдық мерейтой қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы сұхбат беріп, атқарылған жұмыс жөнінде айтты. Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы қызмет соңғы 10 жыл ішінде террорлық сипаттағы 100 шақты зорлық-зомбылық акциясының алдын алғанын жеткізді. Арнайы қызметтермен бірлесіп ондаған терроршылар мен экстремистер іздеп табылып, экстрадицияланды. Осы операцияларға 160-тан астам антитеррорлық және жедел-әскери шаралар өткізген арнайы мақсаттағы «А» қызметінің қызметкерлері үлес қосқан. Қаһармандардың еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Олардың көпшілігі мемлекеттік наградаларға ие болды. Бірақ ел тыныштығын сақтау жолында қаза тапқан ержүрек қаһармандар да жоқ емес. Бұл 25 жылда атқарған жұмыстың бір парасы ғана.

Қазір арнайы мақсаттағы «А» қызметі – ең заманауи қару-жарақ, техника үлгілерімен жарақтанған жоғары кәсіби бөлімше. Олар күн-түн демей аса күрделі әскери міндеттерді шешуге қабілетті. Бұдан бөлек Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс және шекара қызметі құрылымдық бөлімшелері бар. Еліміздің барлық аймақтарында аумақтық бөлімшелер де жұмыс істейді.

Көзі қарақты көрермен, салтанатты шара жөнінде алдағы жаңалықтарда топтамасында толыққан мағлұмат беретін боламыз.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Хабар 24 телеарнасы