Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті Испанияның Католиктік Изабелла Орденімен марапатталды

  • 795
  • UPD: 19:27, 17.07.2017

Бұл белгіні Нұрсұлтан Назарбаевқа Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор Корольдің жарлығын оқып, табыстады. Президент Испания Королі VI Фелипе мен үкіметіне жоғары марапаты үшін жылы лебізін жолдап, Король I Хуан Карлос пен оның жұбайы София Патшайымға амандық, табыс тіледі.

Қазақстан саясатта және экономиканың түрлі секторларында Испаниямен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін айтты. Король VI Фелипе Қазақстанға ресми сапармен келіп, EXPO 2017 халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты.

- Бұл біз үшін зор мәртебе, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Госпожа Ана Пастор я благодарен вам за то, что вы выполнили решение Короля Фелипе VI и вручили мне высокую награду вашей страны. С испанским королевством у нас давние связи, с первых дней независимости. Мы построили доверительные отношения, и мы всегда ощущали поддержку все эти годы со стороны Испании. Я имел очень добрые отношения с Королем Карлосом, отцом нынешнего короля. И Фелипе VI был у нас здесь, участвовал в открытии ЭКСПО-2017. Это было большой честью для Казахстана и для ЭКСПО. Я очень горд тем, что мне вручается такая награда вашей страны. Испанию мы очень любим, уважаем, готовы сотрудничать в дальнейшем в политике, экономике и в других отраслях. Прошу вас передать королю Фелипе VI мою благодарность, самые добрые пожелания в его деятельности на благо испанского народа.

Айта кетейік, Испания Корольдігінің Католиктік Изабелла азаматтық Ордені мемлекетке еңбек сіңірген тұлғаларға беріледі. Орденді шетелдіктерге де табыстауға рұқсат етілген. Бұл марапатты Испания королі VII Фердинанд 1815 жылы 14 наурызда Кастилия патшайымы I Изабелланың құрметіне бекіткен. Кезінде бұл марапатты атақты француз жазушысы Александр Дюма, Мажарстанның бұрынғы премьер-министрі Ференц Дьюрчан, испаниялық опера әншісі Монсеррат Кабалье сынды танымалар тұлғалар иеленген.

Хабар 24 телеарнасы