Израильдік ғалым: EXPO 2017 – баламалы энергияны талқылау үшін тамаша мүмкіндік

Израильдік ғалым, Иерусалим университетінің Орталық Азия бойынша маманы Зеев Левин – «ЭКСПО-2017» көрмесін өз көзімен көріп қайтқан шетелдіктердің бірі.

Ол халықаралық шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қатысушылар мен қонақтар құрамын жоғары бағалады. Сондай-ақ Левин мырза бұл көрменің Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынасына оң әсер тигізгенін айтады.

Зеев Левин, ғалым: 

- Көрмеде бәрінен бұрын жасыл энергия көздерін жаңарту жөніндегі қазақстандық стенд ұнады. Онда бүгін әлемде бар барлық технологиялық мүмкіндіктер мен техникалық шешімдер көрініс тапқан. ЭКСПО-2017 – осыншама көп ел өкілдерінің басын қосып, жаңа баламалы энергия көздері мен жаңа технологиялар туралы өзекті мәселені қозғау үшін тамаша мүмкіндік.