387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте Қазақстан мен Түрікменстанның мемлекеттік шекарасын белгілеу мәселесі қаралады

  • 1123
  • UPD: 12:03, 27.09.2017

Парламент қабырғасында Мәжілістің жалпы отырысы басталды. Қарастырылып отырған басты тақырыптарға тоқталатын болсақ, біріншіден, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында қылмыскерлер мен сотталған азаматтарды ұстап беру және Қазақстан мен Түрікменстанның мемлекеттік шекарасын белгілеу туралы келісімнің заң жобалары.

Былтыр Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы алғашқы келісім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Эр-Риядқа жасаған ресми сапары барысында қол қойылды. Қазақстан ТМД елдері арасында Араб елімен мұндай шарт жасасып отырған алғашқы мемлекет. Тараптар бұл құжатты қылмыспен бірлесіп күресу мақсатында қабылдап отыр. Әсіресе, лаңкестік әрекеттерді тыю мәселесі алдыңғы қатарда. Ұсынылып отырған құжатқа зер салсақ, әр елдің ұлттық заңнамасына сәйкес, 1 жыл немесе одан да көп уақытқа сотталған азаматтар ұсталып, өтініш білдірген елге жөнелтілуі тиіс. Сауал жіберілген кезде сотталған азаматтың, қылмыскердің құжаттары мен соттың шешімі де жіберілуі тиіс. Ал ол жеткіліксіз болса, тараптар қосымша ақпарат талап етуге құқылы. Бүгін қарастырылатын екінші мәселе Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттік шекарасын белгілеу түйткілі болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы