384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан транзиттен түсетін пайданы 5 млрд долларға жеткізбек

  • 1146
  • UPD: 18:23, 02.11.2017

Еліміз 2020 жылға дейін транзиттен 5 млрд доллар пайда табады. Бұл туралы көлік-транзит әлеуеті жөніндегі «ТрансЕуразия-2017» атты халықаралық Х конференцияда Жеңіс Қасымбек мәлім етті. Инвестициялар және даму министрінің айтуынша, Қытайдан Еуропаға тасымалданатын транзит көлемі жыл санап екі есеге артып келеді. Алдағы уақытта Ресейден Орталық Азияға баратын жүк көлемі де көбейе түспек. Сондықтан санаулы жылда қазынаға қыруар қаржы түседі.

Жеңіс Қасымбек 2020 жылға дейін еліміз арқылы тасымалданатын жүк көлемі 2 миллион контейнерге жететінін атап өтті.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

– Қазіргі күнде ешқандай кедергі жоқ. Керек инфрақұрылымды жасадық. Ол теміржол, автожолдар. Осы аптаның дүйсенбісінде Баку-Тблиси-Карс жаңа теміржол учаскесі ашылды. Ол участок үлкен көмек болады. Сондықтан осы учаске арқылы Ресей арқылы Еуропаға 2020 жылға дейін 800 мың контейнерді Қытайдың жібереміз деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы