389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев РФ Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

  • 662
  • UPD: 10:07, 03.11.2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Онда тараптар  30-31 қазанда Астанада өткен Сирияға қатысты халықаралық кездесудегі кезекті раунд нәтижелерін талқылады. Мемлекет басшылары Сириядағы жағдайды реттеуде Астана процесінің маңызды рөл атқаратындығын да атап өтті. Сондай-ақ екі елдің көшбасшылары биылғы 9 қарашада Челябинск қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысын пысықтады.

Бұдан бөлек президенттер екіжақты қарым-қатынастардың және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне назар аударды.

Хабар 24 телеарнасы