385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы «Royal Dutch Shell» концернінің атқарушы директорын қабылады

  • 881
  • UPD: 21:42, 17.11.2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденді қабылдады. Кездесуде тараптар Қарашығанақ пен Қашаған жобаларының әрі қарайғы даму жобаларын жүйелі жүзеге асыру барысына тоқталды. Сондай-ақ мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық перспективалары да әңгімеге арқау болды. Мұнан бөлек Елбасы «Royal Dutch Shell» компаниясына ЕХРО 2017 көрмесіне белсене атсалысқаны үшін ізгі ілтипат білдірді.

Бен ван Берден өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевты күллі әлем көз тіккен шараны ойдағыдай өткізуімен құттықтап, бүгінгі кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев дер кезінде қолға алынған жобалар бүгінде шығындарын толықтай жауып, таза пайда тауып тұрғанын да тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы с вами встречались недавно, на ЭКСПО в последний раз, обсуждали вопросы, вы с коллегами уже поработали. Поэтому я хотел бы выслушать ваши переговоры. У нас речь идет о развитии Карачаганака, дружественной договоренности. Я говорю «дружественной» - нам надо решать без больших споров вопросы. Вторая очередь развития Карачаганака и другие.

 

Бен ван Берден, «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры:

– Құрметті Президент мырза, Елордада өткен ЕХРО шарасына деген қолдауымызды елеп, ескергеніңізге алғысым шексіз. Өз басым көрмедегі ең көрнекті павильон «Нұр Әлем» сферасымен етене таныстым. Шарадан алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Очень хорошый проект оказался.

Концерн басшысы 18 қараша күні аталған кен орындарына қатысты өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылғанына 20 жыл толатынын атап өтті. Бұл ретте жұмыстың жемісті жүзеге асуына Қазақстан Президентінің қолдауы тікелей әсер еткенін жеткізді.

Бен ван Берден, «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры:

– Президентпен өте нәтижелі әрі мазмұнды кездесу өтті. Біз Қашаған мен Қарашығанақ жобасына ерекше басымдық бердік. Қазақстан Президенті жалпы Республика үшін маңызды бұл жобаға қашанда қолғабыс етіп келеді. Осы орайда инвестор ретінде екі жобаның да ел экономикасына оң әсер етіп отырғанына қуаныштымыз. Ұзақ мерзімді бұл жобалардың болашағы жарқын. Біз әрі қарай да Қазақстанмен етене араласып, энергетика саласына басымдық беруге мүдделіміз.

Хабар 24 телеарнасы