384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасын қабылдады

  • 1468
  • UPD: 20:03, 08.12.2017

Биылғы 10 айда жемқорлыққа қатысты 3400 қылмыстық іс қозғалып, оның бір мыңы сотқа берілді. Сондай-ақ 15 миллиард теңге көлемінде келтірілген шығынның 11 миллиарды мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлімдеді. Сала басшысы Президентке агенттік аясында атқарылып жатқан істер жөнінде есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, әр қызметкер бюджет қаржысын тиімді әрі ашық пайдалануы қажеттігін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы агенттік төрағасына нақты бірқатар тапсырма жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Кейінгі жылдардың ішінде жемқорлыққа қарсы күрес үлкен қарқын алды десе болады. Осы мәселе жөнінде жаңа заңға қол қойған кезде қызметкерлерге, лауазымды адамдарға, маған жақын адамдардың барлығына жеңілдік болмайды, заңды түрде шұғылданамын осымен деп.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің агенттіктің қызметкерлері, соның ішінде төрағаның орынбасарлары соңғы жарты жылда бүкіл Еуропа, Америка, Шығыс елдеріне Азияның біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қызметін көрсетіп келе жатыр. Сонда Қазақстанда өте өркенді үлкен масштабта жүргізіліп жатқанын, ең бастысы Елбасының саяси жігерлігін айтады. Сонымен қатар бүгінгі қабылданған заңнаманың барлығы да қазіргі уақытқа сай. 3400 қылмыстық іс әшкереледік. Соның 1000-ы сотқа берілді. 15 млрд шығын айқындалып, 11 млрд-ты орнына қойдық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

– Сондықтан айтатынымыз, барлық қызметкерлерге, жергілікті басшыларға, әкімшіліктерге мемлекеттік қаржыны үнемдеу керек. Ол қаржыға қожа ретінде қарау керек. Мемлекеттің ақшасы – халықтың ақшасы. Осы жұмыстарды ары қарай да жақсылап жүргізетін болайық.

Хабар 24 телеарнасы