384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанды цифрландыруға байланысты білім беру бағдарламасына өзгерістер енгізілмек

  • 1247
  • UPD: 13:42, 04.12.2017

2022 жылға қарай «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылатын жұмыс орындарының саны 300 мыңға жуықтайды. Бұл орайда басымдық өз еліміздің мамандарына беріледі. Ал шетелдік кадрлар тек оқыту жүйесіне атсалыспақ.

Бұл туралы еліміздің Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Айта кетерлігі, Қазақстанды цифрландыруға байланысты білім беру бағдарламасына өзгерістер енгізілмек.

Дәурен Абаев, Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– Осы мәселе бойынша біз Білім министрлігімен өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз. 1,2,3,4-сыныптағы бағдарламаларға өзгертулер енгізіп жатырмыз. Биылдан бастап пилотты бағдарлама ретінде енгізу жоспары бар.

Хабар 24 телеарнасы