388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Оразды қабылдады

  • 1043
  • UPD: 19:35, 13.12.2017

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Министрлік дінге қандай да бір шектеу қою үшін құрылған жоқ. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Оразды қабылдау барысында осылай деп айтты. Серікбай қажыны  Қазақстанның Бас мүфтиі лауазымына сайлануымен құттықтаған Президент Тәуелсіздіктің арқасында дәстүріміз қайта жаңғырып ата-баба дінін ұстану мүмкіндігіне ие болғанымызды атап өтті.

Елбасы бүгінде  әзірленіп жатқан діни қызмет туралы заңның негізгі ережелерін кең ауқымда түсіндіріп, халыққа жеткізу жөнінде бірлесе жұмыс жүргізудің қажеттігіне  баса назар аударды. Бұл ретте ханафи мазхабының дәстүрлі сипатына назар аударып, бұл ағымның мәнін ұғындыру маңыздылығы тілге тиек етілді. Осы орайда  Құран мен хадистерді білетін білікті имамдарды тарту тақырыбы да әңгімеге арқау болды. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- 8 желтоқсан күні арнайы жиналыста бірауыздан барылығы сайлады. Мен қолдадым. Көптен бері белгілісің. Арамызда жұмыс істеп жүрсің. Сауатың бар. Барлық жерде оқып шықтың. Мысырда да оқыдың. Пәкістанда да оқыдың. Ташкенте де оқыдың. Бізде де оқыдың. Сабақ бердің. Жанымызда жұмыс істеп жүрсің көптен бері қарай. Қазіргі заманда діни мәселелерге бүкіл дүниеде, халықтың барлығы  мемлекеттің барлығы көңіл бөлуде.  Бізде де мәселелер бар. Өзің білесің 2900 ден артық мешітіміз бар осы күні. Онда істейтін 3700 иамамдарымыз бар. Жартысынан жоғары орта білім бар. Басқасы курстардан өткен. Бұрынғыдай емес, барлығының білімі бар. Біз зайырлы мемлекетпіз, өзің білесің. Сондықтан ұстанымымыз белгілі. Мына Тәуелсіздіктің арқасында Құдайға шүкір дінімізді қайтардық өшіп бара жатқан. Ата-бабамыздаың дәстүрін. Бірақта діни ғылымды, теологияны өздерің жақсы білесіңдер. Мемлекет дінге ешқандай қарсылығы жоқ. Барлық халқымызға өзінің діни көңілдегі жүрегін атқаруға жағдай жасап отырмыз. Мешіттер ашылды. Жақында әдейлеген қор ашқыздым. Ауылдағы имамдарға жұмыс істеп жүрген. Жағдайын түзеу үшін. Бірталай кісіге көмек көрсетілді қазірдің өзінде. Тек қана әлеуметтік жағдайын қорғау емес, басқада жағдай бар. Ғылыми жұмыстар жүргізу керек. Конференцияларды жүргізу керек. Түсіндіру керек. Дүниеде болып жатқан діндердің саласы қазір мінекей мұсылмандардың өзінің ішіндегі әр түрлі салалары суннит пен шиитті былай қойғанда олардың ішіндегі болып жатқан жағдай. Кейінгі кездегі оның бізге жасаған ықпалы өзің білесің барлығын.  Қанша күрестік, қанша азаматтарымыздың құқысын шектеуге тура келді. Себебі ол дінге қарсылық емес. Сол мемлекеттің негізгі қағидаларын ұстану мәселесі. Мемлекеттің тұғыры мықты болу үшін барлығымыз ат салысуымыз қажет. Оның ішінде қазақ мұсылман болғаннан кейін мұсылман дінінің орны өте бөлек. Сириядағы жағдай бір жағыны қарай шығып келе жатқандығын көріп отырмыз. Ислам мемлекеті өзінің қатарынан қазір бір жағына шықты.  Бірақ олар іріктеліп-іріктеліп келуі де мүмкін. Бізден ол жаққа барған азаматтар бар. Егерде біздің имамдарымыз, біздің мешіттеріміз Құран Кәрімнің сөзін жеткізіп, түсіндіріп, оның ішінде елдер аман-есен мешітке барып, дұғасын оқып, намазын оқу үшін не керек? Ел тыныштығы керек! Тәуелсіздік мықты болу керек. Мемлекет мықты болу керек. Елдің ішінде тәртіп болмаса сонан кейін біз әдейі министрлік құрдық. Кім болса сол, қалай болса солай бұрып әкетіп, өзінің ойын енгізуге болмайды.  Бізге ол бір саясат керек. Бір дін керек. Көріп отырмыз, басқа елдерде қалай болып жатқанын. Нағыщ мұсылман елінің орталығы деген Сауд Арабиясының өзінде де діннің жұмыстары басқа болады. Әдейі министрлікпен. Қазақтың тәуелсіздігі деген бәрімізге ортақ. Барлық қазақтарға ортақ. Бүкіл Қазақстанның мұсылмандарына ортақ.

Серікбай қажы Ораз, Қазақстанның бас мүфтиі:

- Аса мәртебелі Елбасы! Менің өтінішімді қабыл алып, өзіңіздің құзырыңызға бүгін қабылдағаныңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін! Алдымызда үлкен міндеттер тұр! Ол қазақ мұсылмандық тарихи келе жатқан діни мектебіміздің қайта жаңғыртып, соның рөлін арттыру. Сонымен бірге Ислам діні бұл  барпық діндерді де дұрыс қарым-қатынас жасай отырып, тек қана мейірімділікке, ізгілікке насихаттау керек. Сонымен бірге ел арасындағы, жамағат ортасындағы таза діни наным түсінікпенен  теріс диструктивті көзқарастардан арылу және қасиетті Құран аяттарының түсінігін буквализм танымынан арыла отырып, бүгінгі заманның ағымындағы жаңаша біздің қалыптасқан діни мектебіміз бар. Орталық Азияда, қазақ мұсылмандығы мектебінің.  Абу Ханифа мазхабының жолындағы жұмыстарды мейлінше жалғастыра береміз деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мақсат белгілі. Білікті имамдар болса екен деп ойлаймын. Ол бір күнде бола салатын нәрсе емес. Сондықтан білім беру жағына көңіл аудару керек. Содан кейін мынау радикалды көзқарастар дейміз ғой, соларменен сқйлесіп, олардың жолы дұрыс емес екенін түсіндіретін нақты сөзбенен, іспенен адамдар керек. Сіздер білікті имамдар, оқымысты адамдар өздерінің біліктері арқылы Құранды жетік білгендіріңін арқасында, хадистерді жетік білгендерінің арқасында сол жоодардың теріс екенін түсіндірмесек, жастар қайдан біледі?! Сондықтан кейбір заңнамалар актілеріне діни қызмет бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгіземіз деп отырмыз.  Оның барлығы заманға сай болу керек. Дінге қысымдық болмау керек ешқандай. Сол заң жобасын мұсылмандарға қаратып, қолдатып, бірге қабылдауымыз керек.

Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдында тарихи тұрғыдан қалыптасқан дәстүрлі діни мектепті қайта жаңғыртуға байланысты үлкен міндеттер тұрғандығын айтып алдағы жоспарларымен бөлісті. 

Серікбай қажы Ораз, Қазақстанның бас мүфтиі: 

- Өзіңіздің шешіміңізбен Дін ісі және азаматтық қоғам министрлігі дер кезіндегі үлкен шешім болды деп ойлаймыз. Өйткені еліміздегі дін саласындағы көптеген түйткілді мәселелердің дұрыс заңы аясында өз құқығының нормаларына сәйкес шешілуіне  көптеген  көмегі тиіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы