360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данэлия Төлешова «Голос. Дети» шоуында жеңіске жетті

  • 517
  • UPD: 15:05, 19.12.2017

Алматылық Данэлия Төлешова Украинада өткен «Голос. Діти» шоуында жеңіске жетті.

Үздік әнші тікелей эфир кезінде смс арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. Суперфинал кезінде 10 жастағы отандасымыз «Океан Эльзы» тобының «Не твоя война» әнін әуелете шырқап, талайды таңдай қақтырды. Қаршадай қазақ қызының таланты қазылар алқасын да қайран қалдырды. Ал тәлімгері Дмитрий Монатик тіпті көз жасына ерік берді. Кеш соңында Данэлия Төлешоваға байқау жүлдесімен қоса Париж қаласындағы «Диснейлендке» жолдама табысталды.

Хабар 24 телеарнасы