369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана процесі: Сирия бойынша келіссөздердің сегізінші раунды басталды

  • 703
  • UPD: 14:54, 21.12.2017

Сириядағы соғысты тоқтауға бағытталған Астана процесінің кезекті халықаралық кездесуі 21-22 желтоқсанда өтеді. Келіссөз барысында тұтқындарды босату,  қаза болғандардың денелерін беру және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының ережесін қабылдау жоспарланған. Ресми мәліметтерге қарағанда, Ресей делегациясына осы ел Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Иран делегациясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн Джабери Ансари жетекшілік етеді.

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Сондай-ақ кездесуге Сирия үкіметінің және оппозицияның, БҰҰ-ның, бақылаушы елдер - АҚШ және Иорданияның өкілдері қатысады.

Айта кетейік, келіссөздердің алғашқы күнінде көпжақты консультациялардың өтуі жоспарланған. Ал жалпы отырыс 22 желтоқсанда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы