372,49 419.90 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жәбірленушілерге өтемақы төлейтін қор құрылады

  • 648
  • UPD: 15:21, 22.12.2017

Парламент Сенатының конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында бағалаушылар жұмысының жаңа ережелері талқыланды. Жаңа заң жобасы олардың жұмысын кәсіби тұрғыдан реттеп, стандарттарды бекітеді. Құжат біліктілік куәліктерін, бағалаушы, сарапшы, қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттарды енгізуді қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ депутаттар «Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы» заң жобасын да талқылады. Заңнама қылмыстық құқықбұзушылықтан зардап шеккендерге ақшалай өтемақы төлеудің құқықтық негіздерін анықтайды. Парламент депутаттарының пікірінше, елімізде алғаш рет қылмыскерлерді жазалауға ғана емес, зардап шеккендерге көмек көрсетуге де баса назар аударылып отыр.

Сәуле Айтпаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– «Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы» заң жобасының қабылдануы, қылмыстық әрекеттерден зардап шеккен азаматтардың материалдық шығынын өтеуге көмектеседі. Жарақат алған адамды емдеу, қаза тапқан кісіні жерлеу секілді басқа да істер бойынша өтемақы төленеді. Заң жобасы қоғамдық қатынастарды реттейді және оны төлеу жөніндегі құқықтық, әлеуметтік негіздерді белгілейді.

Осы категория бойынша: « Сенат БАҚ туралы заң жобасын мақұлдады Елбасы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы