366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысты

  • 787
  • UPD: 09:31, 27.12.2017

Мәскеудегі шараға біздің елден бөлек, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғыз, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан Республикаларының президенттері келді. Онда Ресей Федерациясының 2017 жылы ТМД-ға төрағалық етуі қорытындыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық кеңістіктегі интеграцияны дамытудағы және Достастықтың халықаралық беделін нығайтуда Ресейдің атқарған жұмысы маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ биыл қарашада Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммитінде де өзекті мәселелердің қарастырылғанын тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы недавно провели в Минске заседание ОДКБ, с каждым разом, с каждой встречей в нас больше взаимопонимания, больше работы общей. Из всех присутствующих 9 членов СНГ пять состоят в ЕАЭС, у нас значительные сдвиги в этом году, ожидаем еще лучших показателей в следующем году. Мы встречаемся, решаем вопросы, которые у нас есть, и мы знаем, что нет таких проблем, которые бы мы в переговорном порядке не решали. Точно так же, дальше помогая друг другу, уважая друг друга, независимость и суверенитет друг друга, двигаться дальше и не терять тех отношений, которые у нас есть.

Жиын соңында тараптар келесі жылы ТМД-ға төрағалық ететін Тәжікстан Республикасына сәттілік тіледі. Мұнан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге 2018 жылдың көктеміне жоспарланған Президент сайлауының табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Конъюнктура экономики в мире меняется, и торговля между нашими странами превысила четверть. Двусторонняя торговля еще больше. Но тенденции тяжелые остаются в мире, и у нас не надо расслабляться. Следующий год очень важный. В России выборы. Мы желаем вам успеха, в котором абсолютно убеждены.

Хабар 24 телеарнасы