371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролды қабылдады

  • 572
  • UPD: 19:45, 09.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға ресми сапары қарсаңында АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісімен кездесті. Елбасы сөзін алғыспен бастап, Джордж Кролға екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге үлес қосқаны үшін ризашылығын білдірді. Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынас та сөз болды.

«26 жылда мемлекеттер арасында достық байланыс орнап, 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствааралық келісімге қол қойылды», деді Мемлекет басшысы. Бүгінде Қазақстанда америкалықтардың қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді. Оның 140-тан астамы бірлескен кәсіпорындар. Өз кезегінде Джордж Крол Елбасының дипломатиялық қызметіне жоғары баға беріп, Президенттің Вашингтонға сапары екі ел байланысын одан әрі нығайтатынына сенім артты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я хотел специально с Вами встретиться перед моим визитом. Развитие отношения США и Казахстана во время своей деятельности вы сыграли не малую роль. Я хочу поблагодарить за такую деятельность. За 26 лет Независимости я имел контакты со всеми Президентами. В целом мы выстроили хорошие отношения, приняты документы.

Джордж Крол, Қазақстандағы АҚШ Елшісі:

– Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына сапары қарсаңында мен Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестім. Вашингтон Мемлекет басшысын асыға күтіп отыр. Бұл Дональд Трамптың шақыруымен өтетін алғашқы ресми іс-сапар болмақ. Күн тәртібінде екіжақты қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланады. АҚШ Қазақстанды сыйлап, құрметтейді. Сондықтан бұл сапар ынтымақтастықты кеңейтіп, бекемдей түспек.

Осы категория бойынша: « Елімізде шетелдік төлқұжатты рәсімдеу құны 2 есеге қымбаттады Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы