365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қысқы Олимпиада: Қазақстандық фристайл шеберлері жарыс жолына шығады

  • 453
  • UPD: 09:58, 09.02.2018
Қысқы Олимпиада: Қазақстандық фристайл шеберлері жарыс жолына шығады

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты әлі өткен жоқ, ал жарыстары жүріп жатыр. Мәселен, күні кеше трамплиннен секіру және керлинг спорт түрлері бойынша іріктеу сындары басталып кетті. Ал бүгін мәнерлеп сырғанаушылар мен фристайл шеберлері жарыс жолына шығады. Нақтырақ айтсақ, мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында командалық бәсекенің қысқа бағдарламасы өтеді. Бұл сында қазақстандық спортшылар жоқ. Есесіне фристайлдың могул түрі бойынша ел намысын қорғайтын Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаковтар бүгін өз мүмкіндіктерін сынап көреді. 

Жоғарыда аталған бәсекелерді тікелей эфирде «Хабар» арнасынан көре аласыздар. Сонымен қатар «Хабар» арнасы бүгін 17:00-де Пхенчхан Олимпиадасының ресми ашылу салтанатын тікелей эфирде ел назарына ұсынады. Ал Олимпиада ойындарының жалпы жарыс кестесімен «Хабар 24» арнасының ресми сайтынан және «Хабар» арнасының Olympic парақшасынан танысуға болады. 

Хабар 24 телеарнасы