369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекітті

  • 839
  • UPD: 16:17, 20.02.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын басшылыққа алсын және оны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
  3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                       Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 15 ақпан

№ 636

Осы категория бойынша: « Елбасы латын әліпбиіне көшу туралы жарлыққа өзгерту енгізді Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы