369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар Наурыз мерекесін тойлауды бастады

  • 413
  • UPD: 09:50, 21.03.2018

Жыл айналып, ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз жетті. Жер-дүние жаңаратын көрікті көктем мейрамында жаратылыс атаулыға жан бітіп, тіршілік түлеп-түрлене бастайды.

Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шат-шадыман күй кешеді. Ұлыстың ұлы күнін Шығыстың Жаңа жылын жасампаз қазақ елі де дүркіретіп тойлауда. Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық нақыштағы мәдени, спорттық шаралар өтпек. Мерекелік бағдарлама Астана қаласының әкімдігі орналасқан орталық саябақта таңғы оннан бастау алып, өзге ортада да жалғасын таппақ. Басты шара ЭКСПО кешенінің аумағында өтеді. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары үшін этноауыл ашылады. Келушілерді Алдар Көсе, Қожанасыр мен Тазша бала сынды қазақ ертегілерінің кейіпкерлері құшақ жая қарсы алады. Елордалық театр әртістері ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды ұлықтайды. Зергерлер мен қолданбалы өнер шеберлері өз бұйымдарын көпшілік назарына ұсынады. Қонақтарға наурызкөже, бауырсақ үлестіріліп, концерт қойылады. Дәстүрлі шаралар ашық аспан астында ғана емес, елорданың барлық мәдени мекемелерінде аталып өтеді.

Осы категория бойынша: « Еліміз бойынша 14 млн 700 мың гектарға дәнді-дақыл себіледі Елбасы Наурыз мейрамына орайластырылған мюзиклді тамашалады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы