369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды

  • 717
  • UPD: 11:43, 03.04.2018
Елбасы Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      

Қазақстан Республикасының            

             Президенті                                                                                 Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 31 наурыз

              № 653

Осы категория бойынша: « ШҚО-дағы бірқатар мектепте өңірдегі ахуалға байланысты сабақ болмайды Елімізде шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы