369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» ЖШС-да болды

  • Read 361 times
  • Media
Мемлекет басшысы «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» ЖШС-да болды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды.

Онда Мемлекет басшысына қаланы абаттандыру жобасының жүзеге асырылу барысы баяндалды. Сондай-ақ алдағы уақытта салынатын инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандар туралы мәлімет берілді. Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс жұмыстары кезінде әлемдік сәулет өнері саласындағы соны жетістіктерді қолдану керектігіне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Самое главное, мы же говорим сейчас индекс счастья, все это сводится к удобству для человека. В столице супер медицина и супер учебные заведения. И люди, и родители тогда будут ценить этот двор, поэтому нельзя этого забывать. Учебные заведения лучше здесь, поэтому тратить надо и строить надо, медицина дальше совершенствуется. Вот эти две вещи очень хорошо надо продумывать. Детские сады через ГЧП мы можем, научились, детей сейчас много, бэйби бум у нас. Постоянно этого не будет. Потом волна у нас будет дальше, всего это надо учесть. Медицина, здравоохранение, чистый город, площадки, скверы и так далее.

Сондай-ақ Президент тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қолайлылықты арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалармен танысып, оларды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

В мировом городском строительстве перспективные направление. В 10 раз дешевле метро, наземный транспорт. Посредине улицы строится для скоростного автобуса дорога. С двух сторон обычное движение для всех видов транспорта, посредине - скоростной автобус, что является в 10 раз дешевле всех других видов транспорта. В будущем в новых районах можно такое.

Елбасы бұдан бөлек Астананың 20 жылдығына әзірлік барысын пысықтап, мерейтойға арналған шараларға баса назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Біз 20 жыл ішінде ұлы даланың дәл ортасында бүкіл әлемге танылған жаңа әсем қала тұрғыздық. Бұл қала халқымыздың мақтанышына айналды. Әрине, бұл – қала әкімшілігінің, құрылысшылардың, сәулетшілер мен осы үдеріске атсалысқан көптеген адамның маңдай терінің жемісі. Біз биыл елордамыздың 20 жылдығын тойлаймыз. Қонақтарымыздың бәріне елорданың жиырма жылда қол жеткізген тартымдылығын, әсемдігін және тыныс-тіршілігінің жоғары деңгейде екенін көрсете білуіміз керек. Осы негізгі мәселе.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы