365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Сириядағы жағдайға байланысты бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш салуға шақырды

  • 479
  • UPD: 10:02, 16.04.2018

Нью-Йоркте Ресей елінің бастамасымен Сириядағы жағдайға байланысты БҰҰ Қаіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Кеңеске мүше елдер АҚШ, Ұлыбритания және Францияның Сирияға жасаған шабуылын талқылап, өз ұстанымдарын білдірді.

Батыс мемлекеттері химиялық қару қолданғаны үшін жазалаудың міндетті түрде болатынын, бірақ оның Сирия билігін құлатуға бағытталмағанын білдірсе, Ресей егеменді елге қысым жасалғанын айтады. Осыған байланысты Қазақстан тарапы сындарлы ұстаным танытып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» үндеуіне тоқтала келе қақтығыстарды болдырмаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ кез келген даулы мәселені шешудің басты принципі бейбіт диалог пен келіссөз екенін және әр мемлекеттің өзара сыйластығы мен ішкі істерге араласпау ұстанымдарының маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Сириядағы ахуалға алаңдаушылық білдіріп, тараптарды әскери текетіреске жол бермей, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге күш салуға шақырды.

Қайрат Омаров, ҚР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

- Қазақстан химиялық қару қолдануды қатаң айыптайды. Думадағы химиялық шабуылды әділ, тыңғылықты әрі жан-жақты тексеру маңызды. Бұл әлем қауымдастығына қаруды қолданып халықаралық құқықты бұзушыларға әділ үкім шығаруына мүмкіндік береді.

Осы категория бойынша: « Елбасы қазақ тіліне аударылған үздік оқулықтарды биыл білім беру бағдарламасына енгізуді тапсырды Елбасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы