389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Азия мен Еуропаны жалғайтын жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салуды ұсынды

  • 529
  • UPD: 23:24, 14.05.2018

Қазақстан мен Ресей аумағы арқылы Азия мен Еуропаны жалғайтын жоғары жылдамдықты теміржол магистралі салынуы қажет. Бұл ауқымды жобаны жүзеге асыруды Ресейдің Сочи қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Елбасы алқалы жиын барысында бірқатар маңызды мәлімдеме жасады.

Әсіресе инфрақұрылымдық жобалар мен қаржы саласының дамуына баса көңіл бөлді. Мәселен, кеңесте көтерілген мәселелер бойынша арнайы жұмыс тобын құру қажеттігін айтты. Сондай-ақ «Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа теміржол магистралін салу мен Каспий және Қара теңізді жалғайтын инфрақұрылымдық желіні қалыптастыру маңызды міндет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Елбасы Астанадағы ЭКСПО-2017 алаңының мүмкіндіктеріне тоқталып, оның тұтас одақ аумағындағы қаржы, жасыл технологиялар және ІТ салалардың дамуына зор серпін беретінін алға тартты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Уважаемые коллеги, мы создали в ЕАЭС общую таможенную территорию и единый емкий рынок. Сообща координируем экономическую политику в ключевых отраслях. Как известно, на базе международной специализированной выставки  «Астана ЭКСПО-2017» в Казахстане создаются три международных центра. Первое, по финансам, по «зеленым» технологиям и IT-стартапам. Таким образом, весь выставочный комплекс будет служить задачам инновационного устойчивого развития. В этой связи приглашаю финансовые институты стран ЕАЭС использовать возможности МФЦА, который открывается 4 июля. Проводить на территории ЭКСПО мероприятия финансового блока ЕАЭС, включая заседания вспомогательных консультативно-совещательных органов деловых советов. В рамках реализации цифровой повестки предлагаю на территории ЭКСПО на базе будущего международного технопарка ІТ-стартапов организовать работу офиса управления цифровыми проектами и инициативами в рамках ЕАЭС. Для полноценной работы экспортной площадки будут созданы для все необходимые условия.

Хабар 24 телеарнасы