378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«KADEX-2018» халықаралық көрмесі аяқталды

  • 994
  • UPD: 21:56, 26.05.2018

Үш күнге жалғасқан шараның салтанатты жабылу рәсіміне келген жұрт көп. Кешелі бері елорда тұрғындары мен қонақтары көрме алаңына келіп еліміздің және өзге мемлекеттердің әскери техникаларын көріп танысты. Биылғы көрмеге 40-тан аса елден делегаттар қатысты. Оның ішінде 20 мемлекет өз қару-жарағы мен әскери-авиациялық техникасын көпшілік назарына ұсынды.

Көрме алаңында барлығы 11 павильон орналасқан. Түркия, Қытай және Ресей Федерациясының жеке көрме алаңдары бар. Жалпы мұнда келген көрермен 18 әуе және 124 құрлықтық техникамен танысты. Айта кетейік, «KADEX» көрмесі екі жылда бір рет өтеді. 

Сахила Насимова, қала тұрғыны:

- Көпбалалы анамын. 4 баламмен тамашалуға келдім. Бізге өте ұнады. Біздің Қазақстан, егемен еліміз әрқашан биіктей берсін, жарқырай берсін.

Нұрлан Ерматов, қала тұрғыны:

- Бірінші рет қатысып тұрмын. Бала-шағамызбен келдік. Өте ұнады. Қазақстанның Қарулы күштерінде қандай техникалар барын көргіміз келді.

Хабар 24 телеарнасы