383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс балаларды зиянды ақпараттардан қорғауға бағытталған заң жобасын мақұлдады

  • 338
  • UPD: 15:41, 30.05.2018
Мәжіліс балаларды зиянды ақпараттардан қорғауға бағытталған заң жобасын мақұлдады parlam.kz

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар бастамашы болған, ел мүддесін қорғауға арналған бірқатар заң жобалары мақұлданды.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың қатарында Білім (бірінші оқылым) және тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру, газ және газбен жабдықтау туралы, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелеріне түзетулерге қатысты заң жобалары (екінші оқылым) депутаттар қолдауына ие болды.

«Бүгін тікелей депутаттарымыздың өздері бастамашы болған төрт заң жобасын мақұлдадық. Осы құжаттар көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Бұл депутаттық корпус үшін үлкен нәтиже екені сөзсіз», – деді Мәжіліс төрағасы. Ол заң жобаларына қатысқан барлық әріптестеріне және жұмыс тобының мүшелеріне алғысын білдірді.

Заң жобалары Сенат қарауына жолданды.

Хабар 24 телеарнасы