384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасыға Қауіпсіздік кеңесін өмірбақи басқару құқығы беріледі

  • 1070
  • UPD: 15:55, 31.05.2018

Еліміздің Қауіпсіздік кеңесіне бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуге арналған конституциялық орган мәртебесі беріледі. Осы мақсатты көздейтін заң жобасы Сенатта қаралып, депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Оның аясында қауіпсіздік кеңесінің құқықтық мәртебесі, құзіреті және қызметі айқындалмақ. Дәлірек айтсақ, ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастық пен халықаралық аренадағы ұлттық мүдделерімізді қорғау мақсатында зор жауапкершілік жүктеледі. Алдымен оған конституциялық орган мәртебесі берілген соң арнайы аппараты құрылуы қажет. Ал еліміздің тұңғыш Президенті - Елбасыға Қауіпсіздік кеңесін өмірбақи басқару құқығы беріледі. Одан бөлек 9 бірдей маңызды міндет айқындалып, мемлекеттік стратегиялық құжаттардың жүзеге асырылуын бағалау құрылым құзіреттерінің бірі болады. Жалпы құжат еліміздегі конституциялық кеңестің қызметіне қатысты қабылданған алғашқы заң екен.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

- Қазір қарап отырсақ, ұлттық қауіпсіздік, жалпы мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі, қорғаныс мәселесі әрбір мемлекет жоғары деңгейде ұстап отыр. Бұл апта сайын немесе 2-3 күн жиналатын орган емес, құзіреті үлкен мәселелерді көтеру қажет болған жағдайда елбасының басқаруымен, мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен шешілетін мәселе.

Сондай-ақ сенаторлар зияткерлік меншік туралы заң жобасын да қарастырды. Оның аясында өтініштерді тіркеу мен сараптау мерзімін қысқарту көзделген. Дауларды сотқа дейін шешу мүмкіндігін кеңейту де басты бағыттардың бірі. Тек соңғы төрт жылда әділет министрлігінде қаралған кейбір істердің 90 пайыздан астамы бітімгерлік жолмен шешілген. Алдағы уақытта тауар таңбасы да авторлық құқық дәрежесінде қарастырылуы мүмкін. Себебі қазір оны заңсыз пайдаланғандар анықталғанымен оларға қарсы қандай да бір жаза қолдану мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы